Анықтама
Мектебімізде жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу, ғылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту мақсатында мектеп оқушылары тақырыпқа сай суреттер салып, сурет галереясы жасақталды. Сонымен қатар мектептің бірінші қабатында ғарышкерлер күніне орай ақпараттық стенд құрылып, кітапханада "Ғажапқа толы ғарыш" атты кітап көрмесі жасақталды.
Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру, экологиялық сана қалыптастыру және дамыту мақсатында мектебімізде тақырыпқа сай тәрбие сағаттары оздырылды.