03 апр 2021
Новости

Адамзат қоғамының тарихында, ұлттың жадында шешуші рөлді ұлы тұлғалар атқарады.

Адамзат қоғамының тарихында, ұлттың жадында шешуші рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.

Қазақтың Ұлы Даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын.

Осы орайда мектебімізде "Ұлы даланың ұлы есімдері" тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.