03 апр 2021
Новости

Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету

Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оның ішінде сурет өнеріне қызығушылықты қалыптастыру мақсатында мектебімізде 1-4 және 5-8 сынып оқушыларына арналған «Мейірімді көктем» атты сырттай суреттер байқауы оздырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1-4 сынып оқушылары арасынан 2 сынып оқушысы Зиргирова Айзира І орын, 2- сынып оқушысы Жасұлан​ Асемай ІІ орын,​ 3-сынып оқушысы Ибраим Алтынай III орынды иеленсе, 5-8 сынып оқушылары арасынан 6-сынып оқушысы Сәбитқызы Айтуған І орын, 5- сынып оқушысы Агайдарова Аягөз ІІ орын, 7 сынып оқушысы Вахит Айым III орынды иеленді. І орын алған оқушылардың суреттері аудандық​ байқауға ​ ұсынылды. Сәттілік!