03 апр 2021
Новости

Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – Отан.

Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – Отан. Ал Отан отбасынан басталады, демек тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Қазақ халқының даналығы, тәрбие тағылымы – тамыры тереңде жатқан асыл мұра. Ерте заманнан ата-бабаларымыз өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге, тектілікпен, жан-жақты тәрбиелеуді басты мұрат тұтқан.

Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты. Тәрбиенің қуатына тең келетін рухани күш, қуат көзі жоқ екенін жақсы түсінеміз. Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам – рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі.

"Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына орай "Ұлттық құндылық-ұлт мұрасы" апталығының жоспарына сай мектебіміздің 6"А"сынып оқушысы Жасқайрат Дәурен "Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы" тақырыбында отбасындағы ұлттық құндылықтар, ұлттық жәдігерлер туралы бейнебаян түсірді.