Ежелден қазақ аспаздығы өзіндік технологиямен ерекшеленеді. Қазақ халқының тұрмыстық ерекшелігі тағам даярлау әдісіне де өз ізін қалдырды. Дәстүрлі қазақ аспаздығында қайнатуға ерекше көңіл бөлінді. Осы процесс еттің жұмсақ және нәзік дімдерін алуға мүмкіндік береді, оған шырындылық пен хош иіс береді.
Ерекше орын өнімдерді ұзақ мерзім сақтауға берілді. Малды сою кезінде оны сақтауға тырысты, ол үшін етті тұздаған, қақтаған, кейде ыстаған, жеңсік астар негізінен жылқы етінен дайындалған-қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б.
Сүт және сүт өнімдері де кең қолданылды. Көшпенді жағдайда сақтауға ыңғайлы болғандықтан, сүт қышқылды өнімдерге ерекше көңіл бөлінді.
Нан көбіне шелпек , тандыр нан түрінде даярланған, соның ішінде бауырсақтар да кең қолданыс тапқан.
Сусындар ішінде ең сүйіктісі қымыз, шұбат, айран болды, ерекше орын шайға берілді.
Мектебімізде ағымдағы жылдың "Қазақстан балалары - көктем шақырады" көктемгі демалыс кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру жоспарына сай оқушыларымыз "Ұлттық тағамдар фестивалін" қолдап, ұлттық тағамдар даярлады.