18 март 2021
Новости

«Сақта жүру тәртібін, жолы болсын әркімнің»

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде

«Сақта жүру тәртібін, жолы болсын әркімнің» тақырыбында түсінік жұмыстар жүргізілгені туралы

 

Анықтама

 

Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде жүзеге асыра білуге үйрету, жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында мектеп тәлімгері Н.И.Ержакаеваның ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» ұйымының «Жас полицейлер» тобы бүлдіршіндермен түсінік жұмыстарын жүргізді.

Түсінік жұмыстары барысында белгілермен таныстыру, суреттерді сөйлету, сұрақ-жауап  және анықтамалар берілді.