18 март 2021
Новости

"Менің мектептегі бір күнім"

12 ақпан күні мектеп психологы С. Б. Валиеваның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында "Менің мектептегі бір күнім" атты арт-терапиялық жаттығулар ұйымдастырылды.Бұл қызметтің түрлері балалардың ұсақ моторикасын дамытуға, моторика деңгейін зерттеуге көмектеседі, сонымен қатар шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді.

Күтілетін нәтижелер:

- еңбек икемділігі мен дағдысын қалыптастыру;

- көркемөнер-эстетикалық талғамын, өз ойын жеткізе алу қабілетін тәрбиелеу.

Бұл жаттығулар балалардың эмоционалды көңіл-күйіне жақсы әсерін тигізді.