Жаз мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң көзің тоймайды. "Мектепті көркейтеміз - Қазақстанды көркейтеміз!", "Гүлдене бер, Туған жер!" акциялары аясында көктем мезгілінде гүл өсінділері дайын болуы үшін, мектеп ауласын көркейту, гүл көшеттерін отырғызу мақсатында мектебімізде кіші қызметкерлер В. А. Степанованың бастауымен гүл тұқымдары отырғызылды. Гүл тұқымдарын отырғызу" Қарға гүл тұқымдарын отырғызу" технологиясы бойынша жүргізілді. Бұл технология негізгі идеясы гүл өскіндерінің әдемі, бір қатарлы болып өсуінде. Уақыт өте келе қар еріп, тұқымдар топыраққа отырады. Осы технологиямен шырайгүл(петуния), барқытгүл(бархотка), қашқаргүл(астра) және тағы да басқа гүл тұқымдары отырғызылды. Алдағы уақытта гүл өскіндерінің өсу процесін салатын боламыз.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/10291-%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D1%96-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%B9%D1%82%D0%B5%D0%BC%D1%96%D0%B7-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%B9%D1%82%D0%B5%D0%BC%D1%96%D0%B7-3.html#sigFreeIda61852a5fa