18 март 2021
Новости

Өрт қауіпсіздігінің негізгі сәттері

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Тасқала аудандық №15 өрт сөндіру бекетінде Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінiң оқушыларымен ашық есік күні оздырылды. Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Р. А. Жасангалиевтың жетекшілігімен оқыту мен дәріске қатысқан оқушыларымыз өрт техникасы, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігінің негізгі сәттері туралы білімдерін шыңдады.