18 март 2021
Новости
Байқау қорытындысы
Мектебімiзде "Азаматтық қорғаныс" айлығы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында балғындар табиғи жағдайдағы төтенше жағдайлар, жер сілкінісі, су тасқыны, тағы да басқа апаттық оқиғалар тақырыбында суреттер салды. Конкурсқа қатысып, шеберліктерін танытқан оқушылар жүлделі 1,2,3 орындармен марапатталды.
Аталған іс-шараның өтуі арқылы оқушылардың төтенше жағдайлар туралы тереңірек білім алуына мүмкіндік жасалды. Балалар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет жасау негіздерін түсінді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынға 3"А" сынып оқушысы Арыстан Нұрдәулет, II орынға 3"А" сынып оқушысы Мусабаева Жангуль, III орынға 4"А "сынып оқушысы Ермұхан Мансұр иеленді.