09 март 2021
Мероприятия

"ОЙЛАН TIME"

Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебіміздің аға тәлімгері Н. И. Ержакаева бастауыш және орта буын оқушыларына "ОЙЛАН TIME" интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Ойын қорытындысы бойынша орта буын оқушыларынан III орынды иеленген 6"А" сынып оқушылары, II орын алған 5"Б" сынып оқушылары, ал I орынмен 7" Б"сынып оқушылары, бастауыш сынып оқушыларынан II орын 2" А" сынып оқушылары, I орынмен 4" А" сынып оқушылары марапатталды.