09 март 2021
Мероприятия

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.«Ұстаздың оралуы» романында Әнуар Әлімжанов сонау 10 ғасырда өмір сүрген кемеңгер ғалым, заманында әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы надандық күмәнін сейілту үшін ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген. Өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатқа құрбан еткен ғажайып ғалым Әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет. Бір халықтың ғана емес, барша жұрттың алдында білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған Әл-Фарабидің жарқын тұлғасы туралы романнан алар өнеге көп», - дей келе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна қалың жұртшылыққа «Ұстаздың оралуы» еңбегін оқуға кеңес береді.