2020 жылдың 25 қараша күні Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыбында 11- сынып оқушыларының қыздарымен мектеп психологі С. Б. Валиева мен ҚББП А. С. Дуимбаеваның ұйымдастыруымен жиналыс оздырылды. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.
Жиналыс барысында «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» және «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» сияқты сұрақтар қозғалды. Сонымен бірге, аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.
{gallery}/ALTYNSARIN/KAZ/janalyq/8{/gallery
