26 Мамыр 2022
Жаңалықтар

Мамыр айының 19 күні мектебімізге Жастар ресурс орталығынан теолог маман Құсайынов Еламан Баймуханов деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында 9-11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді

Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.

Еламан Баймуханов жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға және мазалаған сұрақтарын теолог, дінтанушы мамандардан сұрауға шақырды. Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.