05 Мамыр 2022
Жаңалықтар

"Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы" атты тренинг жүргізілді

Оқушыларды кітап оқуға шақыру және оқу жылдамдығын арттырып, рухани дамуға жол ашу. Кітап оқу адамның санасына ғана емес, сонымен қатар денсаулығына да оң әсерін тигізеді. Оқу барысында, адамның бойында ерекше өзгерістер байқалады. Тарихта кітапты жылдам оқумен ерекшеленген тұлғалар аз емес. Жылдам оқу әдісін дамыту арқылы адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Бұл әдісті адам кез келген жаста меңгере алады. Сондықтан оқушыларды кітап оқуға шақыру мақсатында "Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы" атты тренинг жүргізілді.

Тренингке 7 сынып оқушылары қатысты. Тренинг барысында жылдам оқудың құпиялары жайында түрлі жаттығулар жасатып ойлау, есте сақтау қабілеттерін, миды дамытуға арналған жаттығулар көрсетілді.