16 Сәу 2022
Жаңалықтар

Тасқала станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінде "Мен және менің полициям"имидждік акциясы өткізілуде. Қазақстанда 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланды.

Тасқала станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінде "Мен және менің полициям"имидждік акциясы өткізілуде. Қазақстанда 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланды. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Олардың әл – ауқаты-Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында "Мен және менің полициям"имидждік акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты-жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ жасөспірімдерді полиция жұмысымен таныстыру және оларды қауіпсіздік шараларына үйрету. Бүгін мектебіміздің 3"Б"сынып оқушылары сынып жетекшiлері М. Медетовамен Тасқала станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне саяхат жасады. Саяхат кезінде оқушылар желілік полиция қызметімен, темір жол станциясы аймағындағы қауіпсіздік ережелерімен танысты.