Бүгін, ағымдағы жылдың 11 сәуір күні мектебіміздің білім алушыларымен жалған лаңкестік және құқық бұзушылық құрамы туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.
Адамдардың қаза табуына, елеулі мүліктік залал келтіруге не өзге де қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауына қауіп төндіретін дайындалып жатырған жарылыс, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер түрінде көрінген жалған хабарлау туралы, жаза түрлері туралы ҚР ҚК 273 - бабы түсіндірілді.
Осы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, оның салдары туралы түсініктеме берілді. Мысалдар келтірілді.
Білім алушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 (ұсақ бұзақылық) және 443 (қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) баптарымен танысты. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпке зиян келтіретіндігі туралы түсініктеме берілді. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті мен адамгершілік мәселелері қозғалды. Сонымен қатар "Түнгі рейд" туралы да сөз қозғалды.