07 Нау 2022
Жаңалықтар

«Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар.

«Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар. Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару-көңілдің гүлі, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ "Өзін-өзі басқару" ұйымы "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты аналар күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Көктем лебі сезіле жасарған табиғатпен бірге қуанып, жақын жандарымызға жақсылық жасағымыз келіп тұратыны бар. Өзімізге ең жақын, ең аяулы жандар Аналарға шаттық сыйлау, көктемнің көңіл күйін сыйлау парыз секілді боп тұратын. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша жиынның мақсаты–нәзік жанды аруларға құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын сақтауды насихаттау. Мерекелік шара мектеп директоры Г.Дуйсенованың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламамен ұласты. Концертте оқушыларымыз әже, ана туралы әндер шырқап, түрлі аспаптарда күй ойнап, көрермендердің көңіл-күйін көтеретін ойын ойнатты. Сонымен қатар тақырыпқа сай көрініс те қойылды. Көрермен қауым өз аналарын еске алып, көздеріне жас алды. Мерекеге жиналғандар жастардың концерттерін тамашалап, елімізге тыныштық тілеп тарасты.