Алғысымыз шексіз!
Бүгін 1 наурыз күні "Алғыс айту парызымыз!" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп директоры Г.Дуйсенова педагогикалық ұжымды, кіші қызметкерлерді және оқушыларды көктемнің алғашқы күнімен, алғыс айту күнімен құттықтап, Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы А. Касимованың атынан кіші қызметкерлерге алғыс хат табыстады. Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздарына, кіші қызметкерлеріне мектеп директоры атынан алғыс хаттар берілді.
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Султангерееваны мерейлі 60 жасымен құттықтап, алғыс хат пен сыйлық, гүл шоғы табыс етілді. Шара барысында көрермендерге тренинг ұйымдастырылып, тәттілер таратылды.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-altynsarin/13603-1-nauryz-k-ni-al-ys-ajtu-paryzymyz-atty-merekelik-shara-jymdastyryldy-4.html#sigFreeId5d8ed1aee4