Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Қысқы эстафеталық ойындар» оздырылды. Сайыс барысында хоккей, шорт трек, конькимен жүгіру және қызықты эстафеталар өткізілді. Оқушылар таза ауада бойлары демалып, қызығушылықпен, белсенділікпен уақыт өткізді.