12 Ақп 2022
Жаңалықтар

2022 жылдың ақпан айының 7 күні мектебімізге Жастар ресурс орталығынан теолог маман Құсайынов Еламан Баймуханов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді

2022 жылдың ақпан айының 7 күні мектебімізге  Жастар ресурс орталығынан теолог маман Құсайынов Еламан Баймуханов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.

Еламан Баймуханов жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға және мазалаған сұрақтарын теолог, дінтанушы  мамандардан сұрауға шақырды. Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.