15 Қаң 2022
Жаңалықтар

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде қаңтар айында сынып жетекшілер бірлестігінің №3 отырысы оздырылды

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде қаңтар айында сынып жетекшілер бірлестігінің №3 отырысы оздырылды.

Күн тәртібінде:

  1. Сыныптардың жетістіктері, мониторинг;
  2. І-ші жартыжылдық бойынша сынып жетекшілердің жұмысы, ұсыныстар;
  3. Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар(дөңгелек үстел)
  4. Ағымдағы мәселелер.

Отырысты сыныптардың жетістіктері, мониторинг жүргізу жөніндегі алғы сөзімен мектеп директорының ТІЖО м.а. Н.Ержакаева бастаса, қосымша білім беру педагогы Б.Габбасова оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар жөнінде кеңінен сөз алды. Сабақ кезінде виртуалды тақталарды қолдану туралы айтып, «Қолшатыр» әдісі мен «Көзілдірік» әдісін қолданып, сонымен қатар оқулық парағына арналған лайнер жасау жолымен таныстырып, сынып жетекшілерге әдістемелік көмек берді.