03 Желт 2021
Жаңалықтар

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!"

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!"

Мектебімізде өтіп жатқан "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!" атты онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі С. Ахметовтың ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушыларына «Білімділер мен Білгіштер» атты интеллектуалдық ойыны оздырылды.

Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушылардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын барысында оқушыларға тарих пәні бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар қызыға қатысты.