03 Желт 2021
Жаңалықтар

«Еl Úmiti» бастамасы шеңберінде «Балалардың қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау («Qabilet» қызметі»)» (бұдан әрі - «Qabilet» Қызметі) жобасын іске асыруға ықпал етеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еl Úmiti» бастамасы шеңберінде «Балалардың қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау («Qabilet» қызметі»)» (бұдан әрі - «Qabilet» Қызметі) жобасын іске асыруға ықпал етеді.

Жоба шеңберінде 10-11 жастағы балалардың қабілетін XXI ғасырдың төрт негізгі құзыреттілігі - сыни ойлау, креативтілік, коммуникативтілік, коллаборация бойынша диагностикалау жүргізіледі. Биыл нысанды топтарға жалпы білім беретін мектептердің 10-11 жастағы оқушылары кірді.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қабілетін диагностикалау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, нысаналы топтарды толығымен қамти отырып, тегін негізде жүргізіледі.

Осыған байланысты 10-11 жас аралығындағы балаларды кеңінен қамту үшін жалпы білім беретін мектеп психологтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің педагог-психологі Валиева С.Б және Мерей ЖОББМ ББК мектеп психологі Широглазова О. В. АББ әдіскері Сағынов Н.Т. бірігіп семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты - бала кездегі психикалық даму мәселелерін талдауға және 10-11 жастағы балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізуге жаңа тәсілдерді енгізу бойынша педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.