09 Қар 2021
Жаңалықтар

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды

5 қазан күні күзгі демалыс барысында мектебіміздің 8 сынып оқушылары сынып жетекшiлері Б. Сатыбалдиевамен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды.Тарихи-өлкетану мұражайы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу,туған өлкеміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу арқылы тарихи даму кезеңімізге,елімізге белгілі тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру және халқымыздың ертеден сақталып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан сыр шертетін,атадан-балаға мирас болып келе жатырған көне құнды жәдігерлер сақталған бір ғана тарихи-мәдени мекеме. Оқушылар мұражайдың экспозициялық залдарымен танысып тамашалады.Балалар үшін бұл маңызды оқиға, олар қызығушылықпен жаңа ақпаратты қабылдады және жаңа әсерлерімен бөлісті.