2021 жылдың 1 қарашасынында Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ оқушылардың жеке дара дайындылығын анықтау, әрбір пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдай отырып, қалалық кезеңге дайындықты нығайту мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәнаралық республикалық олимпиадасы және 3-4 сынып оқушылары арасында «Intel Junior-2021» көпбағытты зияткерлiк олимпиадасы өтті. Ашылу салтанатын директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары А.Т. Уразгалиевич сөз алып, оқушыларымызға сәттілік тіледі.Олимпиадаға жалпы бастауыш буын бойынша – 15 оқушы, 5-11 сынып оқушылары арасында 50 оқушы қатысты. Мектепішілік пән олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушылар республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне жолдама алды.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-altynsarin/11988-intel-junior-2021-k-pba-ytty-ziyatkerlik-olimpiadasy-tti.html#sigFreeId92625a7ef6