25 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Адамгершілік-асыл қасиет»

22 қазан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне «Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты-баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатып,жақсы-жаманды ажырата біліп,адамдық қасиеттерді игеруіне ықпал етіп,балалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке, имандылыққа,шыншылдыққа мейірімділікке тәрбиелеу.Тәрбеленушілерге қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетіліп,сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларымен бөлісіп,пікір алмасты.