Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің 5 сынып оқушыларына жаңа оқу кезеңіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік -психологиялық жағдай жасау, оқушылардың бір-бірімен танысуы, қарым-қатынастағы кедергілерді шешу, үйренісу және топтың әлеуметтік құрылымын қалыптастыру кезеңінен жеделдетіп өтуі, сондай-ақ, командада үйлесімділікпен әрекет ететін табысты тұлға сапасын анықтау мақсатында мектебіміздің педагог-психологтары тренинг жүргізді.
Тренинг көңіл-күйді көтеру және бірлесіп жұмыс жасауға бейімделуге, өзінің «мықты тұстарын», ішкі сенімділікті сезіндіретін тұлға қасиеттерін аша түсетін, ұжымда қарым-қатынасты жақсартатын, команда құрылымына бағытталған әдістер мен ойындары қолдана отырып өткізілді.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-altynsarin/11555-y-altynsarin-atynda-y-zhobb-mektebini-5-synyp-o-ushylaryna-zha-a-o-u-keze-ine.html#sigFreeIdf5e099a93c
