11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Рухани жаңғыру мұражайы

Мұражай деген мәдени мұра, сырлы әлем бар бізде. Ішіне кірсең болды, ұлтымыздың бүкіл тарихы көз алдыңда сайрап, жан дүниең жайнап шыға келеді. Өкініштісі, осы мұражайларға баратын адам азайып барады. Осы мақсатта 6-7 сынып оқушыларымен бірге аудандық «Рухани жаңғыру» мұражайына саяхат жасалды. Мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отаншылдық сезімді, ұлтты қадірлеу рухын егіп, кешегі қиын жылдары әр жаққа шашылып кеткен бабалар мұрасын жинақтауды насихаттау.