1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күніне орай жоспар жасақталып, сол жоспарға сәйкес балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру білуге үйрету мақсатында аудандық төтенше жағдай бөлімшесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химиялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Осы жағдайлардың бәрін өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқушыларға таныстырып, өрт сөндіру мәшинесіне отырғызып, қызметкерлердің арнайы киімдерін көрсетті. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор болған экскурсия деп айтуға болады.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/9528-%D3%A9%D1%80%D1%82-%D2%9B%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96-%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96.html#sigFreeIdff64213bad
