11 Ақп 2021
Іс-шаралар

Жас ұлан

Бүгін 1 және 5 сынып оқушылары мектеп басшылығы, ұстаздар қауымының қатысуымен Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болып қабылданды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, жас ұландарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздеді. Шараға Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Республикалық Бірлестігінің туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Жиын барысында «Драма» театрының мүшелері «Елең-алаң» романынан үзінді көрсетіп, «Қазақстаным», «Тәуелсіз ел ұраны» әндері шырқалды. Оқуда, еңбекте, өнер және спортта өжет те қайсар, адал, елгезек ұландарымыз салтанатты түрде ант бере отырып, «Жас Қыран» - 40 оқушы, «Жас Ұлан» - 47 оқушы Ұйымға мүше болып қабылданды.