Бүгін, 5 ақпан күні, аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, "Сәулет" МЛ-де математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған "Жаңаша оқыту - жаңаша көзқарас" атты флеш-семинары өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен семинарда "Сәулет" МЛ мұғалімдері А.С.Тулешева, А.Т.Бакаев, А.Ж.Зайтукова, ЖББ Ы.Алтынсарин атындағы ОМ мұғалімдері Ш.К.Кубашова, Д.У.Зиргиров, ЖББ Достық ОМ мұғалімі Н.К.Зиналиева, ЖББ Мерей ОМ мұғалімі Л.Б.Исказиева, АББ әдіскері К.Т.Калиева шебер сыныптарын өткізіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
