Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі немесе ауру - астан. Адам арқауының мектеп асханаларындағы бүгінгі жағдайы қандай? Мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымы тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Оның құрамына міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкерлері, ата-аналар комитетінің өкілі ретінде енгізіле отырып, мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі. «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен әлеуметтік тұрмысы төмен оқушылар қамтылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әр оқушыға бір жолғы мектептік тамақтандырудың құны – 350 тг құрайды. Бұл оқушы үшін әжептәуір көмек болары сөзсіз. Тексеріс нәтижесінде мектеп асханасы және мектеп жанындағы интернаттың асханасы санитарлық талаптарға сай екені анықталды.
