26 Мамыр 2022
Іс-шаралар

Бүгін, 25 мамыр күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында – мектептерде 2021-2022 оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді

11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата – аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні. Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 11 сыныпты жалпы 19 оқушы тәмамдады. 1 үздік аттестат иегері – Мукашева Дильназ. Сынып жетекшілері – Султангереева Гүлайым Орынгалиевна, жоғары санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Уразаева Мира Булатовна, технология пәні мұғалімі, педагог-модератор.

Салтанатты жиынға Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы мен Тасқала аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметкалиева Серікқаным Темиржановна қатысып, М.Танатжан мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар мектеп басшысы Г.Дуйсенова құттықтау сөз алып, дәстүрге айналған «Жыл мұғалімі» және «Жыл оқушысы» ауыспалы кубоктерін табыстады. А.Ж.Зиналиева «Жыл мұғалімі» аталымына ие болса, 10 сынып оқушысы Темирова Әсемгүл «Жыл оқушысы» аталымына ие болды. Ата-аналар да шара барысында түлектерге ізгі лебіздерін жолдап, мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді. Салтанатты жиынға 2007 жылғы түлектер қатысып, ақжарма тілектерін білдіре отырып, түлектер атынан мектебімізге музыкалық аспаптар сыйға тартты(домбыра, гитара). Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.

#Балаларжылы

#Годдетей

#копдмонрк