18 Мамыр 2022
Іс-шаралар

1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген халықаралық отбасы күніне орай ағымдағы жылдың 14 мамыр күні мектебімізде «Бақытыңды балаңнан ізде» жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген  халықаралық   отбасы   күніне орай ағымдағы жылдың 14 мамыр күні  мектебімізде «Бақытыңды балаңнан ізде» жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Атаулы күнде  мектеп-психологі С.Б.Валиева ата-аналарды  «Сәлемдесу» тренингі арқылы қабылдап, жағымды психологиялық көңіл-күйін анықтап, ата-аналарды топқа бөлді. Бағдарлама бойынша «Тәрбие – табысқа жетудің кепілі» квест ойыны ұйымдастырылып,ата-аналар бірнеше аялдамаға саяхат жасады. Ата-аналарды әр аялдамада әдістемелік бірлестіктердің әзірлеген қызықты тапсырмалары күтіп тұрды. Аялдамаларды атап өтсек:

«Оқуға құштар мектеп» аялдамасы бойынша кітапханашы Ж.Жумагулова мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері мектеп кітапханасымен таныстырып, ReadX жобасы бойынша үш кітап таңдалып, талданды. Сонымен қатар компьютерлерді пайдаланып, «Ұлпан» романының үзінді бейнеролигі көрсетілді.

«Ас – адамның арқауы» аялдамасында мектеп әлеуметтік педагогі А.Ялпакова ата-аналарды мектеп асханасының ас мәзірімен таныстырып, ата-аналар өз қолдарымен түрлі тағам түрлерін дайындады.

«Робототехника» аялдамасында информатика пәні мұғалімдері оқушылардың сабақ барысында жасап шығарған роботтарымен таныстырып, оларды іске қосып көрсетті.

«Математика әлемінде» аялдамасы бойынша математика пәні мұғалімдері ата-аналарға логикалық тапсырмалар дайындап, оқушылардың жыл бойы жеткен жетістіктерімен таныстырды.

«Шебер қолдар» аялдамасында технология пәні мұғалімдері оқушылардың жыл бойы жасаған бұйымдарынан көрме әзірлеп, ата-аналармен «Квиллинг» технологиясымен жұмыстанды.

«Полиглот» аялдамасында орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері ата-аналарға үш тілдік тапсырмалар беріп, белсенділерді марапаттады.

«Отбасы тарихы – ел тарихы» аялдамасында тарих пәні мұғалімдері «Белгілер» логикалық ойынын ұйымдастырып, сонымен қатар «Мұғалімге сұрақ» қорапшасын дайындады.

«Қызықты лаборатория» аялдамасы бойынша жаратылыстану пәндері бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қызықты тәжірибелер, Kahoot сайты арқылы ойындар өткізілді.

«Дені саудың – жаны сау» аялдамасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылардың, мұғалімдердің спорттық жетістіктерінен көрме жасақтап, «Асық ату», «Мылтық ату» спорттық ойындарын өткізді.

«Жетістіктер аллеясы» аялдамасында қосымша білім беру педагогы Б.Габбасова оқушылардың 2021-2022 оқу жылы бойынша жеткен жетістіктерінен көрме әзірледі.

«Бастауышым - балбұлағым» аялдамасында барлық топтар мәжіліс залында жиналып, бастауыш сынып мұғалімдері негізгі пәндерге бөлінген «Көңілді тапсырмалар» тақырыбында ой қозғап, негізгі пәндерге шолу жасады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерді ата-аналар топтасып, өзара талқылап, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар жиналыс барысында мектеп директоры Г.Дуйсенова сөз алып, мектептің қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысып жүрген ата-аналарды марапаттап өтті.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі жиында бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете білдіңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіздер!