Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушылары білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысады. Зерттеу барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді.
PISA зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін 15 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалау арқылы анықтау, яғни бұл бағдарлама оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
Аудандық білім беру ұйымдарында PISA халықаралық зерттеуіне Bilimcenter цифрлік білім беру порталы арқылы 8-9 - 10 сынып оқушыларының дайындық жұмыстары жүргізілуде...
Мұндағы басшылыққа алынатын қасиеттер:
белсенділік;
шығармашылық тұрғыда ойлау;
шешім қабылдай алу;
өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Аудандық білім беру ұйымдарында «PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне» дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қазіргі таңда 8-9 – 106 сынып оқушыларынан дайындыққa 23ы қатысып жатыр. Математика, жаратылыстану, химия, биология, физика, қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері өз пәндері бойынша дайындық жұмыстарына белсене кірісіп кетті.
Сонымен қатар психолог мамандарымыз оқушылармен және мұғалімдермен дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырып, халықаралық зерттеуге дайындық кезеңінде кездескен қиындықтар мен кедергілерден шығудың жолдарын көрсетті.
Мектеп әкімшілігі 15 жастағы оқушылардың ата- аналарымен кездесулер өткізіп, балаларының халықаралық зерттеуге қатысып, мектепте алған білімдерін келешек өмірде қалай қолдана алатындықтарын, өздерінің функционалдық сауаттылықтарының қандай деңгейде екенін көрсететіндерін түсіндірді.
Ата – аналардың өз балаларын қолдап, білімдерін одан әрі шыңдай түсуге көмек беруге шақырды.
Мектеп қабырғасында PISA-2022 халықаралық зерттеуіне үнемі алдын – ала дайындық тестілеулері өткізілді.
Оқушыларымыз тестілеуге жауапкершілікпен қарап, нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Алда тұрған жауапты сәтке пән мұғалімдері де, ата аналар да, зерттеуге қатысқалы отырған оқушылар да зор сеніммен қарайды.
Біздің еліміздің оқушылары PISA – 2022 халықаралық зерттеуінде алдыңғы қатарлы елдердің оқушылары қатарында білімдерін жоғары деңгейде көрсетулеріңе шын ниетімізбен сәттілік тілейміз!