Мектепішілік сыныптар рейтингі
Мектебімізде бүгін оқушыларды сыныптар рейтингімен таныстыру мақсатында көшбасшылар отырыс өткізілді. Жиналысқа мектеп Президенті, сынып көшбасшылары және «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері қатысты. Оқушыларға рейтинг барысында оқу үлгерімі, мектеп формасының сақталуы, мектеп ішіндегі тәртіптің сақталуы, екінші аяқ-киімнің болуы қаралып, ұпаймен есептелетін болады.
Рейтинг мақсаты: бірлескен қызмет нәтижелері бойынша ең ұйымшыл және шығармашыл сынып ұжымдарын анықтау және ынталандыру.