18 Қаң 2022
Іс-шаралар

Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатерінің алдын алу

Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру - басты міндеттердің бірі саналады. Осы орайда мектебімізде 9 сынып оқушыларына тақырыпқа сай қысқа метражды бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар дінтану пәні мұғалімі С. Ахметов теріс ағымдағы діндер мен олардың төндірер қауіп - қатері туралы кеңінен сөз алды.