"Ғылымға құштар жас өрен"
18 қаңтар күні мектебімізде "Ғылымға құштар жас өрен" онкүндігі аясында физика пәні мұғалімі Р. Жеткіншекованың ұйымдастыруымен "Ғажайып физика" білім сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты: Оқушылардың дүниеге көз қарасын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгерішілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сайысқа 7 сынып оқушыларынан құралған «Ойшылдар» және «Тапқырлар» атты екі команда қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
I кезең:Таныстыру;
ІІ кезең: «Өткел» - сұрақ – жауап;
ІІІ кезең: «Мақал - мәтелдер»(физикалық мағынасын түсіндіру,Әр сұраққа 1 ұпай);
ІV кезең:«Ойлан тап!» - формулаларды аяқтау.( әр топқа 5 формуладан );
V кезең: «Кім жылдам?» есептер шығару
(әр топқа 2 есептен);
VІ кезең :« Қызықты тәжірибе».
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/12996-18-a-tar-k-ni-mektebimizde-ylym-a-shtar-zhas-ren-onk-ndigi-ayasynda-fizika-p-ni-m-alimi-r-zhetkinshekovany-jymdastyruymen-azhajyp-fizika-bilim-sajysy-tkizildi-3.html#sigFreeIdefd9eab076