29 Желт 2021
Іс-шаралар

Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты

Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді. Осы орайда мектебіміздің жасұландықтары технология пәні мұғалімі А. Джусупкалиевпен мектебіміздің ардагер-ұстазы Сарсенбекова Галина Сакжановна мен Тасқала аудандық білім бөлімінің бас маманы лауазымын абыройлы атқарған ардагер Мухтаров Аман Мухтаровичке мекен жайлық көмек көрсетіп, ауласындағы қарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер оқушыларымыздың көрсеткен көмегіне қуанып, алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ

#МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ