"МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!"
Мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Менiң Қазақстаным!" тақырыбында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Исенгалиева 6 сынып оқушыларына "Менің Отаным - Қазақстан!" атты викториналық ойын ұйымдастырды. Шара мақсаты: Тәуелсіздік тарихы туралы білімдерін арттыру, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін арттыру.