"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!"
"МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!"
Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін нығайту, таным қабілеттерін арттыру, туған халқына, Отанына деген құрмет сезiмін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарих апталығы аясында әрі "Менiң Қазақстаным!" атты іс-шаралар жоспары аясында "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды сайысы оздырылды.
Ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі С. Ахметов
Сайыс ережесі бойынша ортада айналып тұратын қалақшаның көмегімен таңдалған сұраққа 1 минут ішінде жауап береді. 8 сынып оқушылары қызығушылықпен қатысып, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/12573-r-t-uelsizdigini-30-zhyldy-yna-oraj-tarikh-aptaly-y-ayasynda-ri-meni-aza-stanym-atty-is-sharalar-zhospary-ayasynda-ne-ajda-ashan-intellektualdy-sajysy-ozdyryldy-4.html#sigFreeId82c1d56555