Балаларды қорғау күніне орай мектеп көшбасшыларының "Құқығым бар" тақырыбында отырысы оздырылды. Отырыс барысында аға тәлімгер Н. Ержакаева оқушыларға бала құқығы туралы түсінік беріп, бейнеролик көрсетті. Сонымен қатар мектеп президенті А. Темирова ортаға жалпы оқушылардың құқығы туралы өз ойымен бөлісіп,сұрақ-жауап алмасты.
Мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Отырыс соңында Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің міндеттері туралы, мектеп жарғысы туралы сөз қозғалып, оқушыларға жалпы тәртіп бойынша әңгіме жүргізілді.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/12259-d-niezh-zilik-balalardy-or-au-k-ni-3.html#sigFreeIdce5733e8a7