17 Қар 2021
Іс-шаралар

"Ұлттық валюта - теңге күні"

"Ұлттық валюта - теңге күні"

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.

Бұл күні айналымға "портреттер" банкнотының бірінші топтамасы шығарылды:

1 теңге – Әл-Фараби портреті

3 теңге – Сүйінбай портреті

5 теңге – Құрманғазы портреті

10 теңге – Шоқан Уәлиханов портреті

20 теңге – Абай Құнанбаев портреті

50 теңге – Әбілқайыр хан портреті

100 теңге – Абылай хан портреті.

Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері теңге күніне орай дәлізге теңге ақпараттар ілініп, бейнеролик жасақталды