09 Қар 2021
Іс-шаралар

Қызықты күзгі демалыс

3"Б" сынып оқушылары сынып жетекшiлері М. Медетованың бастауымен, сонымен бірге ата-аналарымен Орал қаласына Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және хайуанаттар бағына саяхаттады. Өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынып,сондай - ақ, шежірелі өлкеміздің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу бізге міндет екендігін жете түсініп, мұражайды қызыға аралады. Хайуанаттар бағындағы тұрғындарымен танысып, балалардың экскурсиялары қызықты да мазмұнды өтті.