29 Қаз 2021
Іс-шаралар

"Ғажайып алаң"

Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру, Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру мақсатында мектебімізде 27 қазан күні Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай құрылған "Мектебімізге берілген Ұлы есім" атты апталық аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары сынып оқушыларының арасында "Ғажайып алаң" ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, ойын ережелері бойынша қатысушылар дөңгелекті айналдыра отырып, сұрақтардың жауаптарын шешті. Супер ойын жеңімпазы 10 сынып оқушысы Нұрлан Саида атанды. Қатысушылардың барлығына сыйлықтар берілді.

#Ыбырай180жыл

#Qazaqstan30