Мектебімізде 9-шы қазан күні «Заманауи мектептегі бағалаудың жаңа формалары» тақырыбында аймақтық семинар-коучинг ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық дағдыларын, танымдық, ізденушілік қабілетін дамытудың тиімді әдістерін қарастыру, талқылау, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру, өз деңгейін анықтап, оны көтеруге жағдай жасау, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін дамыту. Мектебіміздің ұжымы жетекші мектеп ретінде Достық орта мектебі және І Шежін бастауыш мектебі ұжымдарымен тәжірибе алмасты. Семинар-коучингті мектебіміздің директоры Г.А.Дуйсенова «Заманауи мектеп» тақырыбындағы кіріспе сөзбен ашты. Коучинг барысында Р.А.Утешева мен Г.К. Утегалиева «Сыр сандық» тренингін, Г.А.Буентаева «Жетістікке жету жолы-бағалау» қалыптастырушы бағалау түрлерімен, Ш.М.Кондудаева «Тұтас емес мәтіннен тұтас мәтін жасау» тапсырма жасау әдісімен таныстырып, А.Ж.Зиналиева мен Г.Ж.Мухамедрахимова «Табысты болайық» кері байланысын өткізді.
Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасты.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-altynsarin/11743-zamanaui-mekteptegi-ba-alaudy-zha-a-formalary-2.html#sigFreeId230a4ddc78