15 Қаз 2021
Іс-шаралар

"Тіл мәртебесі - ел мерейі!"

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғасырда бір туатын дарабоз әдеби кеші оздырылды. Кештің мақсаты - ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін көпшілік назарына ұсыну. Кеш барысында оқушылар өз шығармашылығымен көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, ақынның әсем де сыршыл поэзиясын тарту етті. Оқушылар ""Шыда, шыда", " Моцарт жан азасы", "Қарасаз", "Үш бақытым", "Есіңе мені алғайсың", "Отан туралы", "Мен сені сағынғанда" т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.