15 Қаз 2021
Іс-шаралар

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ қыркүйек айында 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы 1-11 сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді

Мақсаты - жаңа оқу жылының басталуы туралы, оқу барысында сақталу керек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы, бала қауіпсіздігі тұралы және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы түсінік беру. Жиналыс ZOOM және WhatsApp платформалары арқылы ұйымдастырылып, мақсатына жетті.

Күн тәртібінде

  1. 2021-2022 оқу жылының басталуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар;
  2. "Мектепке қауіпсіз жол" жол ережелері туралы;
  3. "Ұрпақ тәрбиесі - болашақ кепілі" сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.