Мектебімiздің Жас жол инспекторлары "Қауіпсіз мектеп" республикалық акциясы аясында БПҰ бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына көшеде, мектепте, жолда, үйде қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру мақсатында қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Сабақ барысында жол ережелері туралы түсінік жұмыстары жүріп, сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар оқушылар суреттен жол ережелеріне байланысты дұрыс - бұрыс әрекеттерді белгіледі.
Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!